Меню KDT
87172501617 32-astana@edu.kz
logo.png?_=1785139278
Мектебіміздің ресми сайтына қош келдіңіздер! Құрметті ата-аналар, оқушылар, ұстаздар және сайт қонақтары! Мектебіміз — білім мен тәрбиені ұштастырып, әр баланың қабілетін ашуға, шығармашылығын дамытуға және болашағына нық қадам жасауына қолдау көрсететін орта.

Новости

Ағылшын тілі пәні онкүндігі аясында 9 қараша күні 8 сынып оқушылары арасында «Welcome to Hogwarts» тақырыбында қызықты танымдық сайыс өткізілді.

10.11.2026  ·  1 қаралым

1795157713676188.png

Ағылшын тілі пәні онкүндігі аясында 9 қараша күні 8 сынып оқушылары арасында «Welcome to Hogwarts» тақырыбында қызықты танымдық сайыс өткізілді. Жауапты мұғалімдер: Оспанова Айым Мураткалиевна және Кадырова Жанат Куанышбаевна.
Сайыс барысында оқушылар өздерін Hogwarts сиқыр мектебінің оқушылары ретінде сезініп, Gryffindor, Slytherin , Ravenclaw, Hufflepuff факультеттеріне бөлінді.
Оқушылар топтық тапсырмаларды орындап, сиқырлы заттардың атауларын сәйкестендіріп, суреттерді сипаттап, кейіпкерлерді таныстырды. Сонымен қатар, «Magic Shop» рөлдік ойыны арқылы ағылшын тілінде диалог құрып, сатып алушы мен сатушы рөлдерін сомдады.
Сонымен қатар, «Spin the Wheel» (Айналмалы дөңгелек) ойыны ұйымдастырылды. Оқушылар дөңгелекті айналдырып, түскен тапсырма бойынша «Harry Potter» шығармасының кейіпкерлерінің аттарын атап, олардың сыртқы бейнесі мен ерекшеліктерін, атқаратын рөлдерін ағылшын тілінде сипаттады.
Сайыс барысында оқушылардың сөздік қоры, сөйлеу дағдылары, тыңдалым қабілеті және топпен жұмыс жасау дағдылары дамыды. Әрбір дұрыс жауап жұлдызшалармен бағаланып, сайыс соңында оқушылар марапатталды.
Сиқырлы әлемге саяхат жасаған оқушылар белсенділік танытып, білімдерін ортаға салды!

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ
“№32 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ” ШЖҚ МКК

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ:
просп. Абылай Хана, 25/3

ТЕЛЕФОН:
+7 (7172) 50-16-17

EMAIL:
32-astana@edu.kz