🔎📚 «ЦИФРЛЫҚ ДЕТЕКТИВ» – АҚПАРАТТЫ ТЕКСЕР, ШЫНДЫҚТЫ ДӘЛЕЛДЕ!
🔎📚 «ЦИФРЛЫҚ ДЕТЕКТИВ» – АҚПАРАТТЫ ТЕКСЕР, ШЫНДЫҚТЫ ДӘЛЕЛДЕ!
Халықаралық мектеп кітапханалары айлығы (ISLM 2026) аясында мектеп кітапханасында 7 «Қ» сынып оқушыларының қатысуымен «Цифрлық детектив» атты интеллектуалдық квест өткізілді.
🕵️♀️ Квесттің басты мақсаты – оқушылардың ақпаратты іздеу, салыстыру, сараптау, жалған мәліметтерді анықтау және өз пікірлерін дәлелдеу дағдыларын дамыту.
Квест төрт қызықты кезеңнен тұрды:
🔍 «Құпия дерек» – әдеби және тарихи мәліметтердің шынайылығын анықтау;
📖 «Кітапхана ізімен» – авторларды, шығармаларды және әдеби кейіпкерлерді табу;
🕵️ «Жалған ақпаратты әшкереле!» – қате мәліметтерді анықтап, дұрыс нұсқасын дәлелдеу;
💡 «Детективтердің соңғы шешімі» – логикалық сұрақтарға жауап беріп, білімдерін қорытындылау.
Оқушылар топпен жұмыс жасап, өздерінің тапқырлықтарын, білімдерін, ізденімпаздықтары мен сыни ойлау қабілеттерін көрсетті.
✨ Іс-шара барысында қатысушылар ақпаратты тек табу ғана емес, оның шынайылығын тексеру де маңызды екенін түсінді.
📚 Кітап – білімнің қайнар көзі, ал сыни ойлау – шындыққа бастар жол!
Барлық қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс білдіреміз!
#ISLM2026 #ХалықаралықМектепКітапханаларыАйлығы
@bilimastana
@mainuresenb
АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ
“№32 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ” ШЖҚ МКК
БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ:
просп. Абылай Хана, 25/3
ТЕЛЕФОН:
+7 (7172) 50-16-17
EMAIL:
32-astana@edu.kz