🏆 ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН! 🇰🇿
🏆 ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН! 🇰🇿
Мектебіміздің 9 «Д» сынып оқушысы Каркенов Ибрагим Грузияның Батуми қаласында өткен «Batumi Open 2026» халықаралық толық контактты каратэ турнирінде (Full Contact Karate) жоғары нәтиже көрсетіп, І орынға ие болды! 🥇
U16 Boys -60 kg салмақ дәрежесінде сынға түскен Ибрагим жарыс барысында төрт белдесуде де жеңіске жетіп, өзінің шеберлігі мен табандылығын дәлелдеді.
🥋 Жеңіске жету жолында:
🔹 1/8 финалда – Эдуард Задурианиді (Грузия);
🔹 1/4 финалда – Сабо Двалиді (Грузия);
🔹 Жартылай финалда – Янив Мордехайды (Израиль);
🔹 Финалда – Лука Зиракашвилиді (Грузия) жеңіп, чемпион атанды!
🌟 Ибрагимнің бұл жетістігі – тынымсыз еңбектің, табандылық пен спортқа деген сүйіспеншіліктің жемісі.
Жеңісің құтты болсын, Ибрагим! Қазақстанның көк туын биікте желбіретіп, әлі талай халықаралық додаларда жеңіс тұғырынан көріне беруіңе тілектеспіз!
Сенің жеңісің – мектебіміздің мақтанышы!
АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ
“№32 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ” ШЖҚ МКК
БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ:
просп. Абылай Хана, 25/3
ТЕЛЕФОН:
+7 (7172) 50-16-17
EMAIL:
32-astana@edu.kz