📚 КІТАП – РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ ҚАЙНАР КӨЗІ
📚 КІТАП – РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ ҚАЙНАР КӨЗІ
Бүгін мектебімізде ұстаздар арасында мазмұнды «Кітаптан алған әсерім» атты әдеби ойталқы өтті.
Кездесу барысында бес топ бес түрлі тағылымды туындыны талқылап, шығармалардың негізгі идеясын, кейіпкерлер бейнесін, көтерген мәселелерін ортаға салды.
📖 Талқыланған шығармалар:
* Бауыржан Момышұлы – «Ұшқан ұя»
* Дулат Исабеков – «Гауһартас»
* Мағжан Жұмабаев – «Педагогика»
* Төлен Әбдік – «Оң қол»
* Төлен Әбдік – «Парасат майданы»
Әр шығарма – өзіндік ойы мен тағылымы бар рухани қазына. Ұстаздар кейіпкерлер тағдырына үңіліп, адамгершілік, отбасы тәрбиесі, ұлттық құндылықтар, бала болмысы, ар-ождан мен парасат туралы ойларын ортаға салды.
Кездесу барысында кітап мазмұны бойынша сұрақтар қойылып, танымдық тапсырмалар орындалды. Әр топ өз көзқарасын білдіріп, пікір алмасу арқылы әдеби шығармаларға жаңаша қырынан үңілді.
Кітап оқитын ұстаз – ойы терең, танымы кең ұрпақ тәрбиелейді.
Осындай рухани кездесулер әріптестер арасындағы шығармашылық байланысты нығайтып, кітап оқуға деген қызығушылықты арттыра түседі.
Кітап оқиық, ой бөлісейік, рухани байиық!
АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ
“№32 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ” ШЖҚ МКК
БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ:
просп. Абылай Хана, 25/3
ТЕЛЕФОН:
+7 (7172) 50-16-17
EMAIL:
32-astana@edu.kz