Меню KDT
87172501617 32-astana@edu.kz
logo.png?_=1785139278

Новости

🚔 ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – БАСТЫ МІНДЕТ!

1792134356022683.png

🚔 ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – БАСТЫ МІНДЕТ!

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында №32 мектеп-гимназиясының жоғары сынып оқушыларымен құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен профилактикалық кездесу өтті.

Кездесуге Астана қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция капитаны Сейтенов Жандос Қалиоллаұлы және Алматы ауданы Полиция басқармасының Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің аға жедел уәкілі, полиция майоры Мухаметов М.М. қатысты.

Кездесу барысында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, есірткінің зияны, зиянды әдеттердің салдары, заң талаптарын сақтау және әрбір азаматтың өз әрекетіне жауапкершілікпен қарауы туралы маңызды мәселелер қозғалды.

Полиция қызметкерлері оқушыларға заң талаптарын түсіндіріп, қауіпсіз өмір салтын ұстанудың және саналы таңдау жасаудың маңыздылығына тоқталды. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пайдалы ақпарат алды.

🎯 Кездесудің басты мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу және олардың қауіпсіз болашағына бағыт беру.

Заңды білу – міндет, оны сақтау – жауапкершілік! 🇰🇿

#АдалАзамат #Мектеп32 #ҚұқықтықСауаттылық #ЗаңЖәнеТәртіп #ҚұқықбұзушылықтыңАлдынАлу
@bilimastana
@qosymsha_ast
@mainuresenbekovna
@astana_adistemelik_ortalyq
@astana_daryny
@new_police_astana_almaty

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ
“№32 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ” ШЖҚ МКК

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ:
просп. Абылай Хана, 25/3

ТЕЛЕФОН:
+7 (7172) 50-16-17

EMAIL:
32-astana@edu.kz