Меню KDT
87172501617 32-astana@edu.kz
logo.png?_=1785139278

Новости

🌿 «Таза Қазақстан» акциясы аясында 🌱 «Жасыл сабақ» экологиялық сағаты

1792132136891582.png

🌿 «Таза Қазақстан» акциясы аясында
🌱 «Жасыл сабақ» экологиялық сағаты

№32 мектеп-гимназиясының 10 «Г» сынып оқушылары «Тұқымдарды тастамаңыз — табиғатқа өмір сыйлаңыз!» тақырыбында тәжірибе жұмысын жүргізуде.

Оқушылар түрлі жемістердің дәндерін алып, топыраққа егіп, олардың өнуі мен өсу үдерісін бақылап жатыр. Тәжірибе барысында тұқымдардың қанша уақытта өнетінін, алғашқы өскіндердің пайда болуын және өсімдіктің өсуіне қажетті жағдайларды зерттейді.

Бұл экологиялық сабақ оқушылардың табиғатқа деген қызығушылығын арттырып, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға, өсімдіктерді күтіп-баптауға және зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған.

Жетекшілері: Тлегенова Роза Назымбековна, Бостанова Мина Викторовна.

Табиғатты аялау — болашаққа қамқорлық!

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ
“№32 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ” ШЖҚ МКК

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ:
просп. Абылай Хана, 25/3

ТЕЛЕФОН:
+7 (7172) 50-16-17

EMAIL:
32-astana@edu.kz