Қазақ ұлттық мәдениетінің ең байырғы, аса құнды салаларының бірі - қолөнері, оның ішінде ою өрнек болып табылады. «Өнер дегеніміз - адамның бойындағы қабілеттің ең биік көрінісі» .Ою өрнектер әсемдікпен, сәнділіктің белгісі ғана емес, сонымен бірге халықтың арман- ойының, тілек мүддесінің нышаны, осы тұрғыдан алып қарағанда ою өрнектің мазмұндылық ерекшеліктері сан алуан. Бүгінгі ұрпақ өзінің ұлттық сезімдерін, өнерін жоғалтпауы қажет.Осы мақсатта орта буын оқушылары арасында да ұлттымыздың қолөнерін терең меңгеруге тәрбиелей отырып, қабілетін ұштау және қолөнерді түсініп, жоғары бағалауға, дәстүрімізді қастерлеуге бағыттау болды.
Сайыс онлайн қашықтықтан өтті. Сайысқа 5 «Ә», 5 «Қ» сыныптың қыз балаларымен бірге отбасынан әжелері,ата- аналары, әпкелері қатысты.Ұйымдастырушы 5 «Қ» сыныбының сынып жетекшісі Балдаева Камшат Рахимжановна, қадағалаушы «Қазақ тілі және әдебиет» пәнінің оқытушысы А.Қыстаубайқызы болды.«Қазақтың қол өнері» тақырыбында өткізілген іс- шараға қатысушылар:
Әжесі:Есмаханова Дәметкен Есмаханқызы,Нұрғисақызы Мадина 5 Қ
Анасы: Габдуллина Балкенже Кошановна,Тастанбек Сезім 5 Қ
Анасы:Ташкенбаева Асель Саветкановна,Мамырбекова Еркеназ 5 Ә
Әпкесі:Али Гүлдана ,Али Назерке 5Ә.Сайыс өте жоғары деңгейде өтті. Сайыс соңында қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.