Бастауыш сынып оқушыларына жолда жүру ережелері бойынша түсіндірме жұмысы жүргізілді
27.03-10.04.2023 ж күндері аралығында елорда аумағында балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу, көшелер мен жолдарды қауіпсіз өту мінез-құлқын қалыптастыруға бағытталған «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі » атты республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
✅Аталған іс-шара аясында №32 мектеп–гимназиясы бойынша 28.03.2023ж Астана қаласы "Алматы"ауданы ПБ ЖПБҚ ЮПБ учаскелік инспекторы полиция лейтенанты Д.М.Шайпин және құқық бұзушылықтың алдын алу менеджері С.Т.Жетбисова бастауыш сынып оқушыларына жолда жүру ережелері бойынша түсіндірме жұмысы жүргізілді. Барлығы 150 оқушы қамтылды.