15-16 қазан күндері Әл-Фараби атаныдағы оқушылар сарайында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған қалалалық мектеп оқушылары арасындағы Ұлттық пікірсайыс турнирі өтті. Турнирге қала мектептерінен барлығы 15 команда қатысып , мектебіміздің намысын қорғаған «Фемида» тобы жеңіске жетті ( 1-орын). Топ құрамында мектебіміздің 11 «Ә» сынып оқушысы Жалғасбаева Нұршат, 10 «Ғ» сынып оқушысы Кенжегүл Марал жоғарғы деңгейде ойын көрсетті. Сондай-ақ, Турнир барысында жақсы ойын көрсетіп, спикерлік жоғарғы балл жинаған Жалғасбаева Нұршат «Үздік спикер» атанды. Оқушыларды дайындаған жетекшілерге алғыс білдіреміз. Жеңіс құтты болсын!