Біздін мектепте қалалық мектептер арасында «Қазақстанның экологиялық проблемалары” тақырыбында семинар өтті.
28 ақпан күні мектебіміз Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетімен бірлесіп «Жасыл мектеп – жасыл колледж - жасыл университет» білім беруді экологияландыруды дамыту жүйесі ретінде» жобасы шеңберінде қалалық мектептер арасында «Қазақстанның экологиялық проблемалары” тақырыбында семинар өткізді. Семинардың тақырыбы аясында # 32 мектеп-гимназиясы, #28 мектеп лицейі және # 38 мектеп лицейінің қктысушылары өз жобаларын қорғады. Семинардың кұрметті қонағы Еуразия Ұлттық Университетінің педагогика ғылымдарының докторы, физикалық және экономикалық география кафедрасының профессоры Саипов А.А. іс-шара қатысушыларына қазіргі таңдағы экологиялық проблемалар туралы сөз қозғап қатысушыларға жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар, мектебіміздің белсенділері семинар қатысушылары алдында ант беріп ЕҰУ эко-клубына мүше болды.