2021-2022 оқу жылының қазақ тілінде оқылатын бастауыш сыныптар ОӘБ мұғалімдерінің фокус-гуппасындағы «Lesson Study»бойынша 14 қарашада 1 топ мүшесі Джакипова Жанар Таңірбергенқызы қазақ тілі сабағынан 4 «Ғ» сыныбына №43 кабинетте сабақ өтті. Сабақ тақырыбы «Сөйлемнің бірыңғай мүшелері».
Сабақ барысы:
- Сабақ психологиялық ахуалмен басталды.- Қораптағы сөздерді алу арқылы топқа бөлді. Үш топ болды. Бірінші топқа Кім? Не? деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді алған оқушылар отырды. Екінші топқа Не істеді? деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді алған оқушылар отырды. Үшінші топқа Қандай? деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді алған оқушылар отырды.
- Презентация арқылы Абай атамыздың қандай адам екенін «Микрофон» әдісі арқылы талдады. Әдісті орынды қолданды.
- «Миға шабуыл» арқылы тақырыпты ашты. Сөзжұмбақ сабақтың тақырыбын ашып, ережелерді еске түсірді.
- АКТ –ны орынды қолданды, сабақтың тақырыбын ашуға үлесін тигізді.
- Қима қағазбен жұптық жұмыс жүргізді, бір –біріне тексертті.
- Рефлексияға «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен қорытындылады.
Қорытынды.
Сабақ мақсатына жетті, А, B, C деңгейіндегі оқушыларды сабаққа қатыстыруға деңгейлік тапсырмалар берілген.тапсырмаларын дұрыс, әрі қатесіз орындады. Оқушылар өз ойларын нақты жеткізе алды. В және А деңгейіндегі оқушыларды алға жылжу байқалды.
.