
Астана қаласындағы №32 мектеп гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Садихина Алмагүл Дүйсенбайқызы
«Этнопедагогика тәсілі арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие беру»
атты тәрбие жүйесінің моделі
Еліміздің егемендік алып,дербес даму жолына түсуі қоғам өмірінің барлық салаларында елеулі өзгерістер туғызып жатқаны баршаға мәлім.
Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеті оқушыларға сапалы білім беру мен қазақстандық патриотизмге,биік мәдениетке тәрбиелеу.
Бүгінгі бүлдіршін- Егеменді еліміздің ертеңі,болашағы.
Қазіргі таңда ұстаздар алдындағы міндет – жеке тұлғаның дамуына жағдай туғызу, мектептен шыққан шәкіртті өмірге жан-жақты даярланған азамат етіп шығару.Өз Отаны- Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, өз халқының салт- дәстүрлерін қастерлеуге,қоршаған ортаны қадірлей білуге , құқықтық сана-сезімді, жігерлілік пен төзімділікті қалыптастыру – тәрбие беру көзінің ең басты мақсаты деп танылады.
Бұл жерде тәрбие- халық дәстүрін қастерлеуді,ұлтаралық достастық, еңбекқорлық, сыйластық пен ұстамдылықты оқушы бойына сіңіру арқылы жүзеге асады.
Қазақстан 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын белгілеген Президент Жолдауынан туындайтын мақсат-мүдделерді іске асыру- мектеп алдында тұрған асқаралы мынадай міндеттерді айқындайды:
1. Патриоттық тәрбиеге тура жол-этнопедагогика арқылы іске асырылады.
2. Жаңа технологияларды қолдана отыра патриоттық тәрбие бере алатын комплексті жүйе қалыптастыру.
3. Өзіндік ұстанымым – «Мен патриоттық тәрбие барысының тұжырымдамасындамын»
Осындай жұмыс түрлерін іске асырғанда ғана жаңа ортада қалыптаса алатын тәрбиелі ұрпақты еліміздің салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы арқылы тәрбиелей аламыз.
Жаңаша патриоттық тәрбие беру моделінің негізгі бағыты этнопедагогика арқылы жүзеге асса, баланың дүниетанымы мен болашаққа деген көзқарасы, жеке тұлға бойындағы сезім мәдениеті адамзаттық мәдениет пен этномәдениеттің өзара кірігіп қалыптасқан уақытында жүзеге асады.. Барлық бағыт-бағдарымыз тарихымыз бен мәдениетімізді, тіліміз бен дінімізді, халқымыздың салт дәстүрі мен әдет-ғұрпын насихаттауға арналған.
Сыныптың тәрбие жүйесі-бұл сынып ұжымының пайда болуынан бастап оның қалыптасып нағыз ортаға айналуына дейінгі біртұтас қоғаммен тығыз байланыста болатын жеке тұлғаның іс-әрекеті.
Этнопедагогика саласы арқылы патриоттық тәрбиенің мынадай міндеттері айқындалды:
1) Отанымыздың өткені мен бүгінгісіне тарих беттері арқылы шолу жасау, Қазақстанның әлем бойынша беделін танып білу.
2) Оқушылардың ұлттық көзқарастарын кеңейту.
3) Оқушыларға мемлекеттік рәміздерді патриоттық тәрбиенің бастауы ретінде насихаттау.
4) Өзін-өзі басқару ісін қолға алу.
5) Өлкетану жұмысын күн санап дамыту, өз халқының тарихын терең білуге шақыру.
6) Қоғамдық белсенді істер оқушы өмірінде үлкен рөл атқарады, өйткені халқына қызмет ету - патриоттық тәрбиенің маңызды бір бөлшегі.
7) Құқықты, саяси, мәдени тұлғаны тәрбиелеу.
Этнопедагогика педагогиканың бір бөлшегі ретінде халықтық тәрбие көрсету ерекшеліктерінін зерттейді. Г.Н. Волковтың айтуы бойынша, этнопедагогика педагогикалық мәдениет түрлерін, этносоциумді, ұлтты немесе халықты зерттейді.
Қазіргі кезеңде педагогикалық әдебиеттерде бір-біріне мағыналары жақын екі термин кездеседі: «этнопедагогика» және «халықтық педагогика».
а) халықтың педагогика – бұл этникалық топтың нақты дәстүрлі бастауы.
б) этнопедагогика - әр түрлі халықтардың тәрбиелік салт-дәстүрлерінің салыстырмалы сараптамасы жайлы жалпы түсінік.
Халық педагогикасының негізін рухани мәдениет, халықтық әдеп-ғұрыптар, әлеуметтік – этникалық нормалар құрайды.
Халықтық педагогиканың даналығында тәрбиелік формалардағы анық дифференциация байқалады:
а) мақал – мәтелдер әлеуметтік-этникалыққа;
б) жұмбақтар – ойлау үшін;
в) өлеңдер – эстетикалық, патриоттыққа;
г) ертегілер – екеуіне де:
Этнопедагогика халықтық педагогиканы қазіргі заманғы талапқа сай қолдануын ұсынады, этникалық топтардың дамуын және тәжірибесін зерттейді.
Этнопедагогика балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі білімді жүйеге келтіріп, тұрмыста, отбасында- халық ауыз әдебиетінің жанрлары ертегілерді, дастандарды, жұмбақтар мен мақал-мәтелдерді, т.б. халық даналығын жинастырады.
Патриоттық тәрбиеге түсінік беру
Патриоттық тәрбие беру - өзінің азаматтық борышын өтеуде, Отанына деген сенімділік сезімін оятуда оқушыларға патриоттық сана-сезімді ұялатудағы біртұтас жүйелі педагогикалық қызмет. Қазақстан Республикасының азаматтарға патриоттық тәрбие беру тұжырымдамасында тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және оған сай мінез-құлқын қалыптастыруы туралы айтылады. Патриоттық тәрбие беру мағынасын кеңінен алғанда, қоғамдық тәрбие беру болып есептеледі, оған тәрбиенің барлық бағыттары жұмсалады. Ал басқаша айтқанда, патриоттық тәрбие беру – ол жеке тұлғаны жан-жақты және гармониялық дамыту, атап айтқанда, «кіші» және «үлкен» Отанға деген сүйеспеншілдік, өзінің конституциялық борышын өтеу, патриоттық көзқарас, әлеуметтік төзімділік, қоғамға жағымды іс әрекеттер мен қызметтер. Мектеп бітіруші түлек осындай болуы қажет.
Сынып тәрбие жұмысының элементтері мен негізгі компоненттері
Компонеттері | Компоненттердің құрамалы бөліктері |
Жеке-топтық |
- Сынып жетекшісі.
- Оқушылар
- Ата-аналар
- Педагогтар және басқа ересек адамдар
|
Бағалы - бағдарлық |
- Тәрбие жұмысының мақсаттары мен міндеттері
- Сынып ұжымы өмірінің болашағы
- Сынып өмірі мен тәрбие жүйесін құрастыру принциптері
|
Функционалды - қызметтік |
- Бірге өмір сүру қызметін ұйымдастыру әдістері мен формалары, қызметтің жүйелі түрі
- Тәрбие жүйесінің негізгі функциялары
- Педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз ету және өзін-өзі басқару
|
Кеңістік-қоғамдастық |
- эмоционалды-психологиялық, рухани-адамгершілік және пәндік-материалдық орта
- Сынып қоғамдастығының басқа балалармен және ересектермен байланысы
- №32 МГ тәрбие кеңістігіндегі сыныптың орны мен рөлі
- Тәрбие жүйесінің құрастырылуы және даму кезеңдері
|
Диагностикалық-аналитикалық |
- Тәрбие жүйесінің тиімділігі
- Тәрбие жүйесінің қорытындысын анықтау тәсілдері мен құралдары
- Алынған қорытындылардын бағасы мен интерпретациясы, талдаудың формалары мен тәсілдері
|
Этнопедагогика патриоттық тәрбие моделінің спецификалық принциптері:
1) баланы қоғамда мәдени тұлға ретінде тәрбиелей отыра, тарихи, этникалық құндылықтарға көзі ашық тұлға ретінде қарау.
2) оқушыға гуманистік көзқараста қарау.
3) демократтық көзқарас
4) жеке тұлға ретінде қарау.
5) оқушыға қысым көрсетпеу.
6) әр оқушығы жекелей көмек көрсетуге тырысу.
7) оқушы мен ұстаз арасындағы тығыз байланысты қалыптастыру.
Патриоттық тәрбие беру моделі бойынша мынадай бағдарламалар жүзеге асырылады.
«Менің Астанам» бағдарламасы
Бағдарлама мақсаты: оқушылар мен ересектерді өз қаласының тарихына қызығушылын негізге ала отырып, жас жеткіншектердің патриоттық идеалдарын нығайту.
1. Өлкетану материалдарын оқып, жинастыру.
2. Сынып бойынша өлкетану мұражайын құру.
3. Қала бойынша тақырыптық экскурсиялар ұйымдастыру.
4. Қаладағы белгілі адамдардың өмірі жайлы мағлұматтар жинастыру (мұражайларға саяхат жүргізу)
5. Болған жерлерде қолжазбалар жүргізу.
6. Конференциялар өткізу, қаланың экономикалық, экологиялық, әлеуметтік жағдайы жайлы мәліметтер жинастыру.
«Қазақстанның жас патриоттары» бағдарламасы.
Бағдарлама мақсаты: жас жеткіншектерге өз Отанына, туған жеріне, өлкесіне деген сүйіспеншіліктерін ояту.
1. Қазақстан бойынша туристік және спорттық жорықтар ұйымдастыру.
2. « Мұрагер» клубын құру.
3. Ұлы Отан соғысы ардагерлері және интернационалист жауынгерлермен кездесулер ұйымдастыру.
4. Қарт адамдарға көмек көрсету топтарын құру.
5. Ескерткіштерді қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыру.
«Креативті» бағдарлама.
Бағдарлама мақсаты: жас жеткіншектерге өз шығармашылық қасиеттерін айқындау, өнер жанрларының барлық түрлері бойынша жас таланттарға демеу көрсету. Ұжымдық шығармашылықта әр оқушының талаптарын көрсетуге мүмкіндік жасау.
1. Фестивальдар, конкурстар, сурет көрмелерін, қолданбалы-әшекейлеу шығармашылық көрмелерін өткізу.
2. «Жас толқын» эстрадалық өлеңдер фестиваліне белсене қатысу.
Сынып оқушылары өз мүмкіндігін әр түрлі шығармашылықта сынауына болады: мақалалар мен өлеңдер жазуда, қойылымдар көрсетуде, мерекелер ұйымдастырып, соған киімдер тігуде, мұражайлық жұмыс жүргізуде, өлеңді мәнерлеп оқуда және т.б.
«Көп тілді меңгеру» бағдарламасы
Бағдарлама мақсаты: тілдерді білу қызығушылығын арттыру, көп тілді білу тұлғасын қалыптастыру.
1. Үш тілді (қазақ, орыс және ағылшын) «Азамат» клубын ұйымдастыру.
2. Көп тілде қойылымдар дайындау.
3. Ай сайын тақырыптық газет шығару
4. Туристік сапарлар.
Сынып ұжымының принциптері:
- Өзінді біл – бұл қызықты!
- Өзіңді сынай біл – бұл қажет!
- Өзіңді шынықтыр – бұл мүмкін!
- Өзіңді көрсете біл – бұл шындық!
«Патриоттық тәрбие жобасын жасау айқындалады. Біз жас патриотты тәрбиелейміз, оның Отанға қауіп төне қалған жағдайларда қандай болатынын елестетеміз. Тәрбиешінің басты мақсаты - әр шәкіртке Отанға деген сүйіспеншілікті көрсете білу. Бұл – туған жердің табиғаты, бұл - әкесі мен шешесі, туған ауылы, қаласы, ата-анасы жұмыс істейтін мекемесі, Отанының каһарман бұрынғысы...
Тәрбие жұмысының негізгі бағыттары:
1. Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты қалыптастыру
2. Саяси мәдениетті қалыптастыру
3. Құқықтық мәдениетті қалыптастыру
4. Экономикалық мәдениетті қалыптастыру және кәсіптік бағдар беру
5. Отбасы қарым – қатынастарынын мәдениетін қалыптастыру және тендер мәселесінде оқушылардың сауаттылығын арттыру
6. Адамгершілік мәдениетін қалыптастыру
7. Этномәдениетті қалыптастыру
8. Ұлтаралық қарым-қатынастардың мәдениетін және төзімділігін қалыптастыру
9. Нанымдық қызығушылық пен сыни тұрғыдан ойлау қабілетін қалыптастыру
10. Эстетикалық мәдениетті қалыптастыру
11. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру
12. Салауатты өмір салтының ептілігін қалыптастыру.
Қорыта келгенде патриоттық тәрбие беру жеке тұлғаны үш деңгейге бағыттайды:
1) Интеллектуалды бағыт (сүйіспеншіл, эрудициялы, ойшыл, коммуникативті, креативті болу)
2) Дүниетанымдық деңгей (патриотизм, құқықтанушылық және жауапкершілік, интернационализмді, гумандық, адалдық, демократты, ар-ұят, әдептілік).
3) Шығармашылық деңгей (еңбекқорлық, өз бетінше жұмыс істеуге, шешімқабылдағыш, жауапты, ұйымдастырғыш қасиеттері)
Біздің мақсатымыз – оқушыларды осы үш деңгейде елін, жерін, халқын сүйтен патриот ретінде тану.