Меню KDT
МЕНЮ
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

logo.png?_=1660279244

АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ  ӘКІМДІГІНІҢ «№32 МЕКТЕП- ГИМНАЗИЯ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ  ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ  МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ КӘСІПОРНЫ  
  • kz
  • ru
  • en
  • Мектеп мәзірі

    Название страницы


     №32   мектеп- гимназиясының "Адал  ұрпақ" сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  мәдинетті қалыптастыру  бағдарламасын іске   асыру  туралы іс-шаралар  жоспары 2022-2023 оқу  жылына.









    «Адал Ұрпақ» мектеп клубынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекетке дейін

    Әділ Ахметовпен "Адалдық сағаты"     https://youtu.be/96L6HSiYA6M

     

    «Туралықты тұғыр еткен Төле би» тақырыбындағы «Адалдық сағаты»








    «Сұлтанмахмұт Торайғыровтың әділдік философиясы» тақырыбындағы «Адалдық сағаты»



    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен «Сұлтанмахмұт Торайғыровтың әділдік философиясы» тақырыбында кезекті адалдық сағаты өткізілді.

    Сұлтанмахмұт Торайғыров – қазақ классикалық әдебиетінде ұлы Абай қалыптастырған көркемдік дәстүрлерді байытып жалғастырушы суреткер. Ол өз заманының ең мәнді, көкейкесті мәселелерін көтеріп, өзінің көркем қолтаңбасын, қоғам мен адам өміріндегі алуан шындықтар көрінісін шығармаларына арқау етті.

    «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болуды» арман еткен Сұлтанмахмұт Торайғыров бүкіл ғұмырын халық ағарту ісі мен еліне қызмет етуге арнаған.

    Сұлтанмахмұт поэзиясы – ақындық шеберліктің, ұлтжандылықтың, азаматтықтың мектебі. Ақын өзінің саналы, саяси, жазушылық өмірін:


    «Шындықтың ауылын іздеп түстім жолға,

    Разымын, не көрсем де осы жолда

    Шаршармын, адасармын, шалдығармын,

    Бірақ бір табамын деп, көңілім сонда»,
    – деп жырлап, өмір бойы осы сертін орындау жолында қызмет істеді: өзінің халқына өнер, білімнің шыңына шығу арқылы еркіндік, бақыт іздеді.

    Ақынның бел шешіп жазу ісімен айналысқан кездері қазақ халқының тарихында өте бір ауыр жылдар еді. Ол мәдениеті озық, экономикасы дамыған елдердің жоғары жетістіктерін уағыздап, жаңалықтың жаршысы бола білді. Сол себептен ақын «Бүгінгі жастарға оқу міндет, бар қиындықты тек қана ғылым жеңбек» деген үлкен ой тастап:

    «Қараңғы қазақ көгіне,

    Өрмелеп шығып, күн болам

    Қараңғылықтың кегіне

    Күн болмағанда кім болам?», – деп жазды.

    Ақынды толғандырған мәселелер бүгін де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Автордың пікірінше, әділдік қана адамдарды «өзара таласудан», «адамның көз жасынан» және «қан төгуден» құтқара алады. Әділдік – бұл «бақыт пен күштің кілті».

    Оның сөздері жас ұрпақ үшін бағдар және мәңгілік темірқазық болып қала бермек.

     

     

     


    «Ыбырай Алтынсарин – ұлы дала ағартушысы» тақырыбындағы «Адалдық сағаты»


     


    «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» тақырыбындағы «Адалдық сағаты»


    Бұл «Адалдық сағатында» қазіргі таңда қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосып жүрген белгілі ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Қалқаман Сарин парасаттылық, адалдық құндылықтары туралы ой-пікірлерімен бөлісті. Қалқаман Сарин, 1978 жылы 2 қаңтарда қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Архат ауылында дүниеге келген. ҚР Жазушылар одағының мүшесі. Халықаралық «Шабыт» фестивалінің және ҚР Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, «Алтын қалам» әдеби сыйлығының жеңімпазы. Қалқаман Сарин өз сөзінде ұлы Абайдың тағылымын алға тартып, «Менің өмірдегі басты ұстанымым – «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», – деді. Сондай-ақ, жастарды табанды еңбек етуге, тұлғалық дамуға және патриот болуға шақырды. Оның пікірінше, патриот болу үшін ең бірінші әр азамат өзінің тарихын оқуы керек, сонда ғана елін, жерін, бабаларын мақтан тұтады. Ол өзінің жеке өмірі мен мансабында жетістікке жетуге мүмкіндік берген әділеттілік пен адалдық сияқты өмірлік құндылықтарымен бөлісті.


    Мейіржан Әлібекұлымен "Адалдық сағаты"
    «Qazaqstan» РТРК» АҚ-ның Жамбыл облыстық филиалының директоры. Қазақстан Республикасы журналистер одағының мүшесі. «Nur Otan» партиясы тағайындаған «Нұр Сұңқар» байқауының бас жүлдесінің, «Қазақстан Республикасы ақпарат саласының үздігі» төсбелгісінің иегері.









    ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-сұлтан қаласы бойынша департаменті Сәкен Сейфуллиннің рухани-адамгершілік мұрасына арналған "Сәкен адамгершілік мұрасы" атты кезекті "адалдық сағаты" акциясын өткізеді.



    «Ахмет Байтұрсынұлы - адамдық пен білім диқаншысы» тақырыбындағы «Адалдық сағаты»






    АРДАҚ НАЗАРОВПЕН    "Адалдық САҒАТы" өткізілді.

    Ардақ Назаров 1980 жылы 14 қазанда Алматы облысының Райымбек ауданында дүниеге келген. Джиу-джитсудан Қазақстан чемпионы (1999, Алматы). Ережесіз жекпе-жектен әлемнің екі дүркін чемпионы (2004, Хабаровск, Ресей, 2005, Сеул, Корея) және әлем кубогының иегері (2004, Хабаровск, Ресей). Еуразияның екі мәрте чемпионы (2001, Астана, 2002 Қарағанды). Азия чемпионы (2003, Бішкек, Қырғыстан). Еуропа - Азия матчтық кездесуінің жеңімпазы (2005, Екатеринбург, Ресей). Еуропа чемпионы (2007, Таллин). Санкт-Петербор, Бішкек, Владивосток, Сеул қалаларында өткен халықаралық турнирлердің жеңімпазы.




    Рухани жаңғыру

    Пайдалы сілтемелер

    akorda.kz.jpg          Управление образования города Астана          ИНСТИТУТ ПОВЫШЕНИЯ КВАЛИФИКАЦИИ И ПЕРЕПОДГОТОВКИ КАДРОВ СИСТЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ города Астаны          uchitel_200x100_5.jpg          banner_lib_rus.gif          banner_til_rus.gif