Меню KDT
87172501617 32-astana@edu.kz
logo.png?_=1785139278
Мектебіміздің ресми сайтына қош келдіңіздер! Құрметті ата-аналар, оқушылар, ұстаздар және сайт қонақтары! Мектебіміз — білім мен тәрбиені ұштастырып, әр баланың қабілетін ашуға, шығармашылығын дамытуға және болашағына нық қадам жасауына қолдау көрсететін орта.

Мероприятия

Отан қорғаушылар күні

06.05.2025  ·  168 қаралым

1771595156276258.png

Еліміз үшін аса маңызды мереке — Отан қорғаушылар күні қарсаңында, 5 мамыр күні №32 мектеп-гимназиясында 3-сыныптар арасында батырларды еске алуға және жас ұрпақтың патриоттық сезімін қалыптастыруға арналған салтанатты шара өтті. Іс-шара өте жылы әрі мәнді жағдайда ұйымдастырылды.
Оқушылар қонақтарға жан тебірентерлік, әсерлі концерттік бағдарлама ұсынды. Патриоттық әндер шырқалып, би қойылымдары орындалды. Отан қорғаушылардың ерлігі мен батырлығына арналған жүрекке жететін өлеңдер көрермендерді бейжай қалдырмады.
Әсіресе, әскери форма киген балалардың өнері ерекше әсер қалдырды. Бұл — олардың батырларға, ел тарихына деген терең құрметінің белгісі.
Іс-шараны бастауыш сынып мұғалімі Жолданова Нүргиса Телпекқызы жоғары деңгейде дайындап, өткізді.

https://www.instagram.com/reel/DJTD2_yC0fo/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ
“№32 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ” ШЖҚ МКК

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ:
просп. Абылай Хана, 25/3

ТЕЛЕФОН:
+7 (7172) 50-16-17

EMAIL:
32-astana@edu.kz