Меню KDT
87172501617 32-astana@edu.kz
logo.png?_=1785139278
Мектебіміздің ресми сайтына қош келдіңіздер! Құрметті ата-аналар, оқушылар, ұстаздар және сайт қонақтары! Мектебіміз — білім мен тәрбиені ұштастырып, әр баланың қабілетін ашуға, шығармашылығын дамытуға және болашағына нық қадам жасауына қолдау көрсететін орта.

Мероприятия

«Жас Лидер Академиясы»

09.11.2024  ·  178 қаралым

1771325248722022.png

2024 жылдың 8 қарашасында мемлекеттік тілде және орыс тілінде білім алатын 5 «ә», «ғ», 5 «в» сыныптарында қыркүйек айынан басталып жүргізіліп келе жатқан «Жас Лидер Академиясы» бағдарламасы бойынша бір күндік тренинг өткізілді. Тренинг барысында оқушылардың көшбасшылық қабілеттерін дамыту, көпшілік алдында сөйлеу, келіссөз жүргізу дағдыларын тиімді пайдалануды мектеп тренерлері Калменова Ж.А. мен Касмакасова Т.Р. жоғары деңгейде жүзеге асыра білді. Тренингке қатысушылар үшін тың идеялар мен қызықты тапсырмалар ұсынылып, белсенді талқылаулар жүргізілді. “Жас Лидер Академиясының” өкілдері де іс-шараға қатысып, қатысушылардың дайындық деңгейі мен білім алуға деген ынтасын жоғары бағалады. Академия өкілдері іс-шараға өздерінің оң пікірлерін білдіріп, тренингті ұйымдастырғандарға алғыс айтып, болашақта осындай ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға ниет білдірді.

https://www.instagram.com/p/DCG-vgds74j/?igsh=MWJ1MWg1ZHhzZHZqNQ==

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ
“№32 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ” ШЖҚ МКК

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ:
просп. Абылай Хана, 25/3

ТЕЛЕФОН:
+7 (7172) 50-16-17

EMAIL:
32-astana@edu.kz