Меню KDT
87172501617 32-astana@edu.kz
logo.png?_=1785139278
Мектебіміздің ресми сайтына қош келдіңіздер! Құрметті ата-аналар, оқушылар, ұстаздар және сайт қонақтары! Мектебіміз — білім мен тәрбиені ұштастырып, әр баланың қабілетін ашуға, шығармашылығын дамытуға және болашағына нық қадам жасауына қолдау көрсететін орта.

Мероприятия

Тіл- әр ұлттың ең ұлы анасы!

05.09.2024  ·  135 қаралым

1771301772523571.png

5 қыркүйек күні мектебімізде “Тіл- әр ұлттың ең ұлы анасы” атты Тілдер күніне арналған мерекелік іс- шараның ашылу салтанаты өтті. Іс-шара барысында Небышинец Данил 8 “Л” сынып оқушысы қазақ тілінде ән шырқап, мың бұралған биші қыздарымыз “Матрёшка” биін биледі. Оқушылар мен ұстаздар викториналық сұрақтарға жауап беріп, ұлттық тағамымыз бауырсақтан дәм татты.
Әлемде қанша ұлт болса, сонша тіл бар. Қазақстан көп ұлтты мемлекет болғандығымен ерекшеленеді, сондықтан өз тіліңді біліп, өзге тілдерді құрметтеуді әр баланың бойына дарыту арқылы еліміздің болашақ азаматтарын тәрбиелеуге ат салысудамыз.https://www.instagram.com/reel/C_iCCIAMIAX/?igsh=ZHU0OTl6Mm1mNXF5

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ
“№32 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ” ШЖҚ МКК

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ:
просп. Абылай Хана, 25/3

ТЕЛЕФОН:
+7 (7172) 50-16-17

EMAIL:
32-astana@edu.kz