Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты
«Біз ешкімге ештеңе де қарыз емеспіз. Қазақстан – егемен мемлекет, сондықтан саясатымыз да дербес», - Президент. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біз үшін жалғыз ғана мемлекет бар, бұл – Қазақстан. Бұл – біздің қасиетті Отанымыз. Басқа Отанымыз жоқ». «Бейбіт азаматтарды лаңкестерден, қарақшылардан бөліп алуымыз керек. Бұл – өте күрделі жұмыс», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан" ұлттық арнасына берген сұхбатында.