ҚАМҚОРЛЫҚ – ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ!
ҚАМҚОРЛЫҚ – ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ!
“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Қамқор» жобасы аясында мектебіміздің оқушылары Шарапат қарттар үйіне арнайы барып, «Қарттарым – асыл қазынам!» атты мерекелік концерттік бағдарлама ұсынды.
Ізгілік пен мейірімге толы кездесуде оқушыларымыз әсем әндерін шырқап, жүрекжарды тілектерін арнап, қарияларымызға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Сонымен қатар ата-аналар мен ұстаздардың атынан дайындалған сый-сияпаттар табысталды.
Өз кезегінде ақ жаулықты әжелеріміз бен ақ сақалды аталарымыз жылы лебіздерін білдіріп, ақ баталарын беріп, алғыстарын жеткізді.
Қарияларға құрмет көрсету – ұрпақтың адамгершілік парызы. Осындай игі шаралар арқылы жас ұрпақтың бойына мейірімділік, жанашырлық пен үлкенге құрмет көрсету құндылықтарын сіңіруді мақсат етеміз.
Осы қайырымдылық акциясына атсалысып, қолдау көрсеткен барлық ата-аналарға, ұстаздарға және ізгі ниетті жандарға шынайы алғысымызды білдіреміз!
Жақсылық жасау – жүректің ісі! ❤️
ЗАБОТА – ОТ СЕРДЦА К СЕРДЦУ!
В рамках проекта «Қамқор» учащиеся нашей школы посетили дом престарелых «Шарапат», где организовали праздничный концерт под названием «Қарттарым – асыл қазынам!» («Мои старшие – бесценное сокровище»).
В ходе тёплой и душевной встре
АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ
“№32 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ” ШЖҚ МКК
БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ:
просп. Абылай Хана, 25/3
ТЕЛЕФОН:
+7 (7172) 50-16-17
EMAIL:
32-astana@edu.kz