Меню KDT
87172501617 32-astana@edu.kz
logo.png?_=1785139278
Мектебіміздің ресми сайтына қош келдіңіздер! Құрметті ата-аналар, оқушылар, ұстаздар және сайт қонақтары! Мектебіміз — білім мен тәрбиені ұштастырып, әр баланың қабілетін ашуға, шығармашылығын дамытуға және болашағына нық қадам жасауына қолдау көрсететін орта.

Новости

🤝 ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ – БІЛІМ МЕН ТӘЖІРИБЕ КӨПІРІ!

06.11.2026  ·  2 қаралым

1795158428544974.png

🤝 ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ – БІЛІМ МЕН ТӘЖІРИБЕ КӨПІРІ!

№32 мектеп-гимназиясы мен Еуразия гуманитарлық институты арасындағы өзара ынтымақтастық 2017 жылдан бері жүйелі түрде жүзеге асып келеді.

Осы ынтымақтастық аясында институттың кафедра меңгерушілері мен IQAA сыртқы сараптамалық комиссиясының мүшелері мектебімізге арнайы келіп, бірлескен жұмыстардың нәтижелерімен танысты.

Кездесу барысында өзара ынтымақтастық туралы меморандум негізінде ашылған педагогика және тарих кабинеттерінің қызметі таныстырылып, жүзеге асырылып жатқан ортақ жобалар мен жұмыстар туралы ақпарат берілді.

Сондай-ақ мектеп кітапханасының қызметі, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдауға бағытталған инклюзия кабинетінің жұмысы таныстырылды. Инклюзивті білім беру ортасын қалыптастырудағы аталған кабинеттің маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Мұндай кездесулер білім беру ұйымдары арасындағы тәжірибе алмасуды нығайтып, кәсіби байланысты дамытуға және білім сапасын арттыруға жол ашады.

Білім мен тәжірибе – ынтымақтастықтың алтын көпірі!

@bilimastana
@qosymsha_ast
@mainuresenbekovna
@enugumilyov_official
@astana_adistemelik_ortalyq
@astana_akimdigi_akimat_astana
@astana_daryny
@oqu_agartu_ministrligi
@k.sengazyyev_official

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ
“№32 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ” ШЖҚ МКК

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ:
просп. Абылай Хана, 25/3

ТЕЛЕФОН:
+7 (7172) 50-16-17

EMAIL:
32-astana@edu.kz