📚 КІТАПХАНА, САУАТТЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ
📚 КІТАПХАНА, САУАТТЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ
2026 жылғы 9 қарашада Халықаралық мектеп кітапханалары айлығы (ISLM 2026) аясында №32 мектеп-гимназиясының кітапханасында «Кітапхана, сауаттылық және жасанды интеллект» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Іс-шара «Кітап оқитын ұлт» республикалық кітап оқу марафоны аясында өткізілді.
Көрме барысында оқушылар көркем, ғылыми-көпшілік және анықтамалық әдебиеттермен танысып, электрондық кітапханалар мен цифрлық білім беру ресурстарына арналған QR-кодтарды пайдалану мүмкіндіктерін көрді.
«Маған ұнайтын кітап» таныстырылымында оқушылар сүйікті шығармаларын таныстырып, кітаптан алған әсерлерімен бөлісті. Ал «Бір кітап – бір ұсыныс» акциясы арқылы бір-біріне оқуға лайықты кітаптарды ұсынды. 5 “З”сынып оқушылар белсене қатысты .
📖 Кітап – білімнің қайнар көзі, рухани байлықтың бастауы. Жасанды интеллект ақпарат алуға көмектескенімен, кітап оқу адамның ойлау қабілеті мен дүниетанымын дамытудың маңызды құралы болып қала береді.
Кітап оқиық, ой бөлісейік, білімімізді бірге байытайық!
✨ Кітап оқитын ұлт – болашағы жарқын ұлт!
#ISLM2026 #ХалықаралықМектепКітапханаларыАйлығы #КітапОқитынҰлт #МектепКітапханасы #КітапОқу Сауаттылық Жасанды
АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ
“№32 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ” ШЖҚ МКК
БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ:
просп. Абылай Хана, 25/3
ТЕЛЕФОН:
+7 (7172) 50-16-17
EMAIL:
32-astana@edu.kz