Меню KDT
87172501617 32-astana@edu.kz
logo.png?_=1785139278

Новости

ЖҰҚА МҰЗ — ӨМІРГЕ ҚАУІП!

20.10.2026  ·  3 қаралым

1792493802901281.png

ЖҰҚА МҰЗ — ӨМІРГЕ ҚАУІП!

Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары!

Күн суытқан сайын су айдындарын біртіндеп мұз басады. Алайда алғашқы мұз өте жұқа әрі берік болмайды және адамдардың өмірі мен денсаулығына елеулі қауіп төндіреді. Су айдынының беті берік болып көрінгенімен, адам салмағын көтере алмауы мүмкін.

🚫 Жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің «Алматы» ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін еске салады:

🔹 Жұқа әрі берік қатпаған мұзға шықпаңыз.
🔹 Мұздың беріктігін аяқпен теуіп тексермеңіз.
🔹 Балалардың ересектердің қарауынсыз мұзға шығуына жол бермеңіз.
🔹 Балаларға су айдындарының маңында ойнауға рұқсат бермеңіз.
🔹 Қараңғы уақытта және айнала нашар көрінген кезде мұзға шықпаңыз.
🔹 Мұздың бір жеріне топ болып жиналмаңыз.

❗ Есіңізде болсын! Бір адам үшін мөлдір мұздың қауіпсіз қалыңдығы кемінде 10 см болуы тиіс. Алайда қалыңдығы жеткілікті болғанның өзінде су ағысы, температураның өзгеруі және басқа да факторлар салдарынан мұз берік болмауы мүмкін.

🆘 Су айдынында болған оқиғаның куәгері болсаңыз, дереу 112 нөміріне хабарласыңыз. Адамды өз бетіңізше құтқаруға әрекеттеніп, өз өміріңізге қауіп төндірмеңіз.

Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз! Жұқа мұзға шықпаңыз! Өміріңізді қатерге тікпеңіз!

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ
“№32 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ” ШЖҚ МКК

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ:
просп. Абылай Хана, 25/3

ТЕЛЕФОН:
+7 (7172) 50-16-17

EMAIL:
32-astana@edu.kz