Меню KDT
87172501617 32-astana@edu.kz
logo.png?_=1785139278
Мектебіміздің ресми сайтына қош келдіңіздер! Құрметті ата-аналар, оқушылар, ұстаздар және сайт қонақтары! Мектебіміз — білім мен тәрбиені ұштастырып, әр баланың қабілетін ашуға, шығармашылығын дамытуға және болашағына нық қадам жасауына қолдау көрсететін орта.

Новости

Мектеп формасына қойылатын талаптар

15.08.2026  ·  223 қаралым

1788155306517578.png

Мектеп формасының негізгі түсі — қою көк. Киім таза, ұқыпты және іскерлік стильге сай болуы керек.

Ұл балаларға: пиджак, жилет, ақ жейде, шалбар, поло, трикотажды жемпір немесе кардиган. Галстук — қалауы бойынша.

Қыз балаларға: классикалық сарафан, жилет, ақ блузка, тізеден төмен белдемше, шалбар немесе кардиган.

Негізгі талаптар: аяқ киім классикалық, таза әрі ыңғайлы болуы тиіс. Шаш таза және жинақы, тырнақ қысқа әрі ұқыпты болуы керек. Маникюр табиғи түсте болғаны жөн. Сабақ кезінде ұялы телефон және басқа электрондық құрылғыларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды.

Тыйым салынады: жарқын әшекейлер мен маникюр, шашты ашық түстерге бояу, мектеп ішінде бас киім кию, сабақта спорттық киім кию, сондай-ақ іскерлік стильге сәйкес келмейтін киімдер мен аксессуарларды пайдалану.

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ
“№32 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ” ШЖҚ МКК

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ:
просп. Абылай Хана, 25/3

ТЕЛЕФОН:
+7 (7172) 50-16-17

EMAIL:
32-astana@edu.kz